Қазақстан мен Татарстан үкіметтері Батыс Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай автомагистралін салу мүмкіндіктерін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Татарстан үкіметтері Батыс Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай автомагистралін салу мүмкіндіктерін қарастыруда

Қазақстан мен Татарстан үкіметтері Батыс Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай автомагистралін салу мүмкіндіктерін қарастыруда

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Татарстан үкіметтері Батыс Еуропа-Ресей-Қазақстан-Қытай автомагистралін салу мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін Татарстан премьер-министрі Рустам Миннихановпен кездесуден кейін БАҚ-қа арнап өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қазан 2006
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Біз Батыс Еуропадан Ресей мен Қазақстан аумағы арқылы Қытайдың батыс жағалауына дейін ең қысқа жол салудың бірегей мүмкіндігін анықтадық»,- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, жол Еуропа — Санкт-Петербург — Москва — Қазан — Оренбург — Қызылорда — Ташкент — Қорғас бағытында өтеді. «Бұдан төте жол жоқ, сол себепті ол жоғары деңгейде бәсекелестік қабілетке ие болмақ»,- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың айтуынша, екі елдің үкімет басшылары даму институттары — «Қазына» мен «Ақ барысқа» аталмыш автомагистральді салу мүмкіндіктерін зерттеуді тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті