Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық барлық салада бірдей қарқынмен дамып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық барлық салада бірдей қарқынмен дамып келеді

Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық барлық салада бірдей қарқынмен дамып келеді

Бүгін, 21-қаңтарда ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Түркия Республикасының елшісі Чинар Алдемирді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай қабылдады. Кездесу барысында министр түрік дипломатына Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Қ.Тоқаев Ч.Алдемирге алғыс хатын табыс етті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 465
Фото - Caravan.kz

Қазақстан сыртқысаяси ведомствосының басшысы Джидда экономикалық форумы шеңберінде Түркияның премьер-министрі Реджеп Эрдоганмен және сыртқы істер министрі Абдулла Гюлмен сұхбаты жайында елшіні хабардар етті. Түркияның сыртқы істер министрін Қазақстанға ресми сапармен келіп қайтуға шақырғандығын мәлімдеді.

Ч.Алдемир елші ретінде еңбек еткен 4,5 жыл ішіндегі бірлесе атқарған жұмысының нәтижелерін жоғары бағалады. Осы кезеңде екіжақты ынтымақтастықтың көптеген салаларында айтарлықтай алға басушылық болды. Түркия өкілі президент Н.Назарбаевтың тікелей басшылығымен жүзеге асырылып жатқан Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысын жоғары бағалады.
Елші сөзінің соңында «Қазақстан мәңгілік менің жүрегімде сақталады» деген жүрекжарды лебізін білдірді.

Соңғы жаңалықтар