Атап айтсақ, халықаралық лаңкестікпен, ұйымдасқан қылмыспен, есірткі, психотропты заттар, олардың баламалары мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен, басқа да қылмыс түрлерімен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Сонымен бірге ҚР мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Түркияның мемлекеттік мұрғаттар жөніндегі бас дирекциясы арасында архив ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
ҚР статистика жөніндегі агенттігі мен Түркияның мемлекеттік статистика институты осы саладағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.