Қазақстан мен Украина 2003-жылдың 3-тоқсанында Қазақстан мұнайын Украина аумағы арқылы транзитті тасымалдау туралы келісімнің жобасын дайындап бітіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Украина 2003-жылдың 3-тоқсанында Қазақстан мұнайын Украина аумағы арқылы транзитті тасымалдау туралы келісімнің жобасын дайындап бітіреді

Қазақстан мен Украина 2003-жылдың 3-тоқсанында Қазақстан мұнайын Украина аумағы арқылы транзитті тасымалдау туралы келісімнің жобасын дайындап бітіреді

Қазақстан мен Украина 2003-жылдың 3-тоқсанында Қазақстан мұнайын Украина аумағы арқылы транзитті тасымалдау туралы үкіметаралық келісімнің жобасын қол қоюға толыққанды әзірлейді. Украина-Қазақстан мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның 5-отырысының қорытындысы бойынша Украинаның отын және энергетика министрі Сергей Ермилов осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Украина мұнайгазы" ҰАК-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2003
  • 483
Фото - Caravan.kz

С.Ермиловтың айтуынша, Қазақстан 2003-жылдың өзінде Украинаға 1,5-2 млрд. текше метр газ беруге дайын. Қазір «Украина мұнайгазы» ҰАК осы мәселе бойынша Қазақстан жағымен келіссөздер жүргізуде.

ҚР энергетика және сауда министрі Владимир Школьниктің айтуынша, бүгінде Одесса айлағы арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі 8 млн. тоннаны құрап отыр. Үстіміздегі жылы елімізде 52 млн. тонна мұнай өндіріледі, оның 8,5 млн. тоннасы Қазақстаннның өз қажеттігіне жұмсалса, 44 млн. тоннасы шетелдерге шығарылмақшы.
Қазақстан мұнайын Украина аумағы арқылы тасымалдаушы оператор міндетін «ҚазақМұнайГаз ҰК » ЖАҚ мен Украинаның «Украина мұнайгазы» ҰАК атқаратын болады.

Соңғы жаңалықтар