Қазақстан мен Украина Одесса-Броды мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын айдау мүмкіндіктерін дәйектейтін бірлескен жұмыс тобын құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Украина Одесса-Броды мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын айдау мүмкіндіктерін дәйектейтін бірлескен жұмыс тобын құрмақшы

Қазақстан мен Украина Одесса-Броды мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын айдау мүмкіндіктерін дәйектейтін бірлескен жұмыс тобын құрмақшы

Қазақстан мен Украина Одесса-Броды мұнай құбырымен Қазақстан мұнайын айдау мүмкіндіктерін дәйектейтін бірлескен жұмыс тобын құрмақшы. Осындай жұмыс тобын құру туралы келісімге Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның Киевте өткен 5-отырысында қол жеткізілген. Жұмыс тобының Қазақстандық тең төрағасы болып ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі Владимир Школьник, Украиналық тең төрағасы болып осы елдің отын және энергетика министрі Сергей Ермилов тағайындалған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Шiлде 2003
  • 529
Фото - Caravan.kz

Одесса-Броды мұнай құбырын Қазақстан осындағы мұнай кеніштерінен мұнай айдайтын баламалы бағыт ретінде қарастыруда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 674 шақырымдық Одесса-Броды мұнай құбыры жүйесі бастапқыда жылына 14,5 млн. тонна мұнай айдаса, құбырдың екінші кезегі пайдалануға берілгеннен кейін қуаты жылына 45 мың тоннаға дейін артады деп күтілуде.
Сонымен қатар, комиссия отырысында экономика және ғылыми-техника саласындағы ынтымақтастыққа қатысты басқа да мәселелер сарапқа салынды.
2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан мен Украина арасындағы сыртқы сауда айналымы 269,2 млн. долларды, импорт -182,8 млн. долларды, экспорт — 86,4 млн. долларды құрады. 2003-жылдың 5 айындағы тауар айналымының өсімі 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 31,3 процентке жетті.

Соңғы жаңалықтар