Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім еткендей, тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, бітімгерлік қызмет, кадр даярлау және әскери білім беру мәселелерін талқылады.
«Қорғаныс ведомстволарының басшылары екі жақты негізде де, халықаралық форматтар шеңберінде де екі ел арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейін жоғары бағалап, қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін білдірді», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 24 тамызда Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесі басталды.
Уuz.uz порталының мәліметінше, кеңеске ұйымға мүше елдердің және бақылаушы мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының өкілдері қатысып жатыр.
Кеңес күн тәртібіне сәйкес, делегациялар әскери саладағы бірқатар мәселені талқылайтын болады.
ШЫҰ қорғаныс министрлерінің бұған дейінгі кездесуі 2021 жылы 28 маусымда Тәжікстанда өтті.