Оның хабарлауынша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе рейстерімен жеке меншік компания айналысуы мүмкін. «Бұл мәселе 2-3 жылдың ішінде өз шешімін таппақ», — дейді Ву Тхе Хиеп. Елші атап көрсеткендей, Вьетнамның тылсым табиғатын көргісі келетін қазақстандық туристердің саны жыл сайын артып келеді.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанның азаматтары Вьетнам еліне Ресей, Тайланд немесе Қытай арқылы ұшуға мәжбүр. Бұл қосымша шығындарды қажет етеді.