Қазақстан метеоқызметті дұрыс жабдықтамау салдарынан жыл сайын 200 млн доллардан қағылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан метеоқызметті дұрыс жабдықтамау салдарынан жыл сайын 200 млн доллардан қағылып отыр

Қазақстан метеоқызметті дұрыс жабдықтамау салдарынан жыл сайын 200 млн доллардан қағылып отыр

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан метеоқызметті дұрыс жабдықтамау салдарынан жыл сайын 200 млн доллардан қағылып отыр. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Зейнолла Сәрсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 12 Маусым 2007
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің құрылымындағы ауа райына тәуелді салалардың үлесі 45,3% екендігіне байланысты, ал Әлемдік банктің бағалауынша, еліміздегі гидрометеоқызметтің техникалық ахуалы қанағаттанарлық емес деп сипатталуда, бұл бірінші кезекте бұл саланың жеткіліксіз жабдықталуына байланысты»,- деді З.Сәрсенбаев.

Оның пікірінше, гидрометқызметтің жағдайын жақсарту есебінен түсетін жыл сайынғы пайда Қазақстанға техникалық модернизацияға жұмсалған әрбір доллардан 5 доллар көлемінде кіріс әкелмек. «Осыған байланысты біз республикалық бюджеттік комиссияға гидрометқызметті ең озық әлемдік тәжірибе деңгейіне дейін сатылы түрле көтере жабдықтау жөнінде ұсыныс енгіздік»,- деді вице-министр.

Оның бағалауынша, 2010-жылға дейін метеостанциялардың санын 9-ға, аэрологиялық станциялардың санын 3-ке, қоршаған орта ахуалын бақылау бөлімдерінің санын 20-ға дейін, радиациялық мониторинг бөлімдерін 15-ке дейін арттыру қажет. «Күн райы болжамдарының дәлдігі мұндай жағдайда 2010-жылға дейін 90 процентке артады»,- деді З.Сәрсенбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті