Жарияланды: 470

Қазақстан метептерінде 4 мыңнан астам қырғыз мигранттарының оқушылары оқиды

Қазақстанның жалпы білім беру мектептерінде қырғыздардың еңбек мигранттарының 4 мыңдай балалары оқиды, деп ҚырТАГ агенттігі хабарлады.

«Қазақстандағы орта мектептерде 4,3 мың бала оқып жатыр. Бұлар қазақ мектептеріне миграциялық карта негізінде қабылданған», - деп халықаралық «Қырғызстан – Астана» мәдени орталығының төрағасы Шавкат Исмаилов, жұма күні «Қырғызстандағы миграциялық үдерістер: 20 жыл тәжірибесі» атты Х-шы халықаралық конференцияда айтты. Ш. Исмаилов осы уақытқа дейін миграциялық құжаттармен қазақ мектептеріне бала қабылдауда ешқандай проблема болған емес деп атап өтті. «Мигранттардың балаларына барлық жағдай жасалған. Олар да басқалары сияқты тегін тамақтанса, кейбір аймақтарда 10 сынып оқушысына дейін тегін тамақтанады», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін