Қазақстан мұнай өндіруші компаниялардың ашықтық жөніндегі бастамаға бірігуін талап етпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнай өндіруші компаниялардың ашықтық жөніндегі бастамаға бірігуін талап етпекші

Қазақстан мұнай өндіруші компаниялардың ашықтық жөніндегі бастамаға бірігуін талап етпекші

Қазақстан мұнай өндіруші компаниялардан минералды ресурстарды өндіру саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға бірігуін талап етпекші. Бірақ "жұмсақ түрде" жасалатын бұл талаптан әркім бас тарта алады". Бұл туралы бүгін, 16-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2005
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Еліміз мұнайгаз және тау-кен саласында жұмыс істейтін компанияларды ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыру үшін олардың ашықтығын арттыру мақсатында бұл бастаманы қолдайды»,- деді В.Школьник. «Қазір біз бұл бастаманы жүзеге асыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Құрамына барлық министрліктер мен мекемелер, депутаттар енген жұмыс тобы құрылды»,- деді ол.

Бастаманы жүзеге асыруда Қазақстан Әзербайжанның тәжірибесін пайдаланбақшы. Онда мемлекеттік комиссия мен компаниялар арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. «Біз де осындай меморандумның жобасын жасадық. Бұл құжатқа қол қоятын тау-кен саласындағы 13, мұнай және газ өндіруші 48 компания айқындалды. Бұл кәсіпорындар бюджетке аударатын салықтарының көлеміне сәйкес іріктелді»,- деді министр.
«Меморандум жобасы барлық мұнай өндіруші және тау-кен компанияларына жолданды. Олар бастамаға бірігуге қатысты өз ұстанымдарын айқындауға тиіс. Ал бірігу-бірікпеу — әркімнің өз еркінде»,- деді В.Школьник.
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің ақпаратына сәйкес, 23-маусымда Астанада бастаманы жүзеге асыруға қатысты мәселелердің басын ашу үшін барлық компания өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізу межеленген.
«Қазақстан қол қойылған келісімдердің мызғымастық принципін қолдайды және оны сақтап та отыр. Еліміз болашақта да осынау дұрыс бағыттан ауытқымайды. Принциптер инвестициялық іс-қызметті реттейтін нормалардың әлемдік стандартына сәйкестендірілуі тиіс»,- деді В.Школьник.
Шикізат өнеркәсібінде жариялылық орнату жөніндегі бастаманы Ұлыбритания үкімет басшысы Тони Блэр 2002-жылдың қыркүйек айында Йоханнесбург қаласында өткен тұрақты даму жөніндегі саммитте жария еткен.
Бастаманың мақсаты — шикізат өндіруші компаниялардың төлемдері туралы ақпараттарды, сондай-ақ, табиғи ресурстарға бай елдердің үкіметтері тапқан пайданы жариялы болдыруға қол жеткізу.
Қазіргі жағдаймен бастамаға Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия, Жапония, Норвегия, Индонезия, Нидерланды, Нигерия, Әзербайджан, Қырғызстан елдері біріккен.

Перейти к новостям спорта