«ҚР қаржы министрлігі, индустрия және сауда министрлігі мен энергетика және минералды ресурстар министрлігіне Кедендік одаққа енетін елдерге жасырын түрде мұнай өнімдерінің реэкспортын жасауға жол бермейтін жанар-жағармай экспорттау тәртібін дәйектеуге тапсырма берілді»,- деді Д.Ахметов. «Біз осыған орай тиісті квота белгілейтін боламыз»,- деді ол.
Д.Ахметов республика үкіметі Қазақстанның кедендік аумағынан шығарылатын мұнай өнімдерінен кедендік баж салығын алу жөнінде қаулы қабылдағанын еске салды. Қаулы 28-қазанда күшіне енеді, деді үкімет басшысы.
Оның айтуынша, экспортқа шығарылатын мұнай өнімдерінен кедендік баж салығын алу «ЕурАзЭҚ кедендік одағына енбейтін алыс шетелдерге шығарылатын өнімдердің көлемін азайтуға мүмкіндік береді». «Кедендік баж салығының ставкалары әлемдік нарықтағы мұнай бағасымен тығыз байланыста болумен бірге ай сайын қаралып түзетіліп отырады»,- деді ол.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті