Қазақстан мұнай өнімдерінің экспортынан баж салығын алмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнай өнімдерінің экспортынан баж салығын алмақшы

Қазақстан мұнай өнімдерінің экспортынан баж салығын алмақшы

Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов "Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығарылған мұнай өнімдерінен кедендік баж салығын алу туралы" қаулыға қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қазан 2005
  • 396
Фото - Caravan.kz

ҚР индустрия және сауда министрлігінің аталмыш қаулыға берген түсініктемесіне сәйкес, «мұнай өнімдерінің экспортынан кедендік баж салығын салу — республика аумағынан оны экспорттау көлемін азайту есебінен ішкі нарықты қамтамасыз етуге және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыруға мүмкіндік береді».

Бекітілген тәртіптерге сәйкес, мұнай өнімдерінің экспортынан алынатын кедендік баж салығының ставкаларын индустрия және сауда министрлігі әлемдік нарықтағы мұнай шикізатының бағасына қаржы министрлігі жүргізген мониторинг негізінде шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасына негіздеп есептейтін болады.
Атап айтсақ, мониторинг кезеңінде шикі мұнайдың бір тоннасының орташа нарықтық бағасы 138,6 доллар болғанда жағдайда мұнай өнімдерінің экспорты нольдік ставка бойынша іске асырылады. Егер мұнайдың орташа бағасы бір тоннасына 138,6 доллардан асқан жағдайда кедендік баж салығының ставкалары түзету коэфиценттерінің негізінде есептеледі, делінген қаулыда.
Бұл қаулы жарияланған күнен бастап 10 күнде күшіне енеді.

Перейти к новостям спорта