Оның айтуынша, «қуат көздерін экспортқа шығару бағыттарын таңдауда мемлекет Қазақстан мұнайын әлемдік нарыққа көп бағытта тасымалдау мүддесі тұрғысынан қарайды». Осыған байланысты Қазақстан жағының пайымдауынша, Каспий теңізінің табаны арқылы су асты кабельдері мен құбыр желісін тарту жолдарын айқындау сол учаске орналасқан жақтың келісімі негізінде жүзеге асырылуы тиіс. «Осындай жобаларға жасалған экологиялық сараптама қорытындысын Каспийді қоршай орналасқан мемлекеттердің түгелдей мақұлдауы ұзаққа созылумен бірге біршама қиындықтар тудырады. Бұл мүдделі елдердің экономикалық мүддесіне қайшы келеді»,- деді ол.