Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау мәселелері бойынша Әзербайжан және Қазақстандық жұмыс топтарының кезекті кездесуі жуырда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнайын  Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау мәселелері бойынша Әзербайжан және Қазақстандық жұмыс топтарының кезекті кездесуі жуырда өтеді

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау мәселелері бойынша Әзербайжан және Қазақстандық жұмыс топтарының кезекті кездесуі жуырда өтеді

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау мәселелері бойынша Әзербайжан және Қазақстандық жұмыс топтарының кезекті кездесуі жуырда өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев хабарлады.

  • 10 Қараша 2005
  • 571
Фото - Caravan.kz

Н.Әлиевтің айтуынша, Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі үкіметаралық келісімнің жобасы қазір дайын және сонымен бірге Қазақстан мұнайын Ақтау-Баку-Тбилси-Жейхан құбыр жүйесімен транзитті тасымалдау туралы келісімнің жобасы да бір уақытта жасалып жатыр. «Жуырда мен Қазақстан жағымен телефон арқылы пікір алмастым. Осыған байланысты жуырда ол жақпен тағы бір кездесу болуы мүмкін»,- деді Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті.

Жалпы алғанда оның айтуынша, аталмыш мәселелер бойынша Қазақстанмен арадағы келіссөздер сәтті жүргізілуде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау жөніндегі келіссөздер Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясы мен «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ арасында 2002-жылдың қараша айында басталған. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық келісім жаңадан Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін саланып бітеді.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

Перейти к новостям спорта