Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау шарттары тиімді болмақ - В.Школьник - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау шарттары тиімді болмақ - В.Школьник

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау шарттары тиімді болмақ - В.Школьник

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау шарттары тиімді болмақ. Бұл туралы бүгін, 16-маусымда Азия қоғамының Алматыдағы халықаралық бизнес-конференциясында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Маусым 2005
  • 569
Фото - Caravan.kz

В.Школьник Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен мұнай тасымалдау шарттары және оған қашан қол қойылатыны туралы нақтыламады. Бірақ ол «шарттар еліміз үшін тиімді болады және Қазақстан танкерлермен жылына 20 млн. тонна мұнай тасымалдай алады», деп сендірді.

Алдағы уақытта Қазақстан Атырау-Самара мұнай құбырының өткізгіштік қабілетін 16 млн. тоннадан 25 млн. тоннаға дейін жеткізбекші деп хабарлады В.Школьник.
Сонымен бірге ол жобалық қуаты 67 млн. тоннаны құрайтын КТК мұнай құбырымен қазір небәрі 28 млн. тонна мұнай тасымалданып жатқанын еске салды. «Құбыр жүйесі қазір толыққанды жұмыс істеуде, біз қазір оның аясын шұғыл кеңейту проблемаларын шешіп жатырмыз»,- деді министр.
2004-жылдың қыркүйек айында Қазақстан Қытайға дейін жалғасатын Атасу-Алашанькоу бағытындағы экспорттық мұнай құбырын тарта бастады. «Біз бұл мұнай құбырының бірінші кезегін 2005-жылдың желтоқсан айында іске қосуды межелеп отырмыз. Құбырдың өткізгіштік қабілеті 10 млн. тоннаны құрайды»,- деді ол. «Ал екінші кезеңде біз қажеттілікке сәйкес құбыр жүйесінің мүмкіндігін 20 млн. тоннаға дейін арттыра аламыз»,- деді В.Школьник.

Перейти к новостям спорта