Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды Бакуде өтіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнайын  Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау  жөніндегі  келіссөздердің кезекті раунды Бакуде өтіп жатыр

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды Бакуде өтіп жатыр

17-мамырда "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин басқарған еліміз өкілдері Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөнінде Әзербайжан жағымен келіссөздердің кезекті сатысын жүргізу үшін Бакуге табан тіреді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Мамыр 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

Сол күні екі елдің жұмыс топтарының бас қосуы басталды. Кездесу бүгін де жалғасады. Келіссөздер жабық есік жағдайында өткізілуде. Оның барысына қатысты баспасөзге арнап ешбір түсініктеме әзірге берілген жоқ.

Келіссөздердің басты мақсаты — Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау жөніндегі Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімнің жобасын әзірлеу болып табылады. Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Андар Шоқпытовтың айтуынша, келісімнің жобасы 90 процентке келісілді және құжат жобасын келісуге қол жетсе, оған Қазақстан президентінің 24-25-мамырға белгіленген Әзербайжан сапары кезінде қол қойылуы мүмкін.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келіссөздердің бір раунды бұған дейін сәуір айыынң аяғында Бакуде өтсе, мамырда жұмыс топтары Қазақстанда жиналды.
«ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин мен Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев басқаратын жұмыс топтарының сарапшылары деңгейіндегі үкіметаралық келіссөздер 2002-жылдың қараша айында басталды.
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық келісім жаңадан Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін саланып бітеді.
Ақтау-Баку жүйесін басқару үшін жеке компания құрылады. Компанияның негізгі инвесторы міндетін Қазақстандағы Қашаған кенішін игеруге қатысушы, ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясында 15 проценттік үлес иемденетін Eni, TotalFinaElf, ConocoPhilips және Inpex тәрізді шетелдік 4 компания атқаратын болады.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

Перейти к новостям спорта