Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды таяу күндерде Бакуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнайын  Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау  жөніндегі  келіссөздердің кезекті раунды таяу күндерде Бакуде өтеді

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды таяу күндерде Бакуде өтеді

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі Әзербайжанмен арадағы келіссөздердің кезекті раунды таяу күндерде Бакуде өтеді. Бұл туралы Бакуде өткен баспасөз мәслихатында журналистерді Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Андар Шоқпытов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Мамыр 2005
  • 495
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Әзербайжан және Қазақстандық жұмыс топтары арасындағы келіссөздердің кезекті сатысы мамырда Қазақстанда өтті.

Келіссөздердің басты мақсаты — Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры арқылы тасымалдау жөніндегі Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық келісімнің жобасын әзірлеу болып табылады. А.Шоқпытовтың айтуынша, келісімнің жобасы 90 процентке келісілді. «Дәйектеуді талап ететін біраз мәселелер қалды. Құжат жобасын келісуге қол жетсе, оған Қазақстан президентінің 24-25-мамырға белгіленген Әзербайжан сапары кезінде қол қойылуы мүмкін»,- деді елші.
Бұған дейін келіссөздерде еліміздің өкілдерін басқаратын «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі үкіметаралық келісімге 2005-жылдың қыркүйек айында қол қойылады деп хабарлаған болатын.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ҚазақМұнайГаз ҰК» ЖАҚ-ның басқарушы директоры Қайыргелді Қабылдин мен Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев басқаратын жұмыс топтарының сарапшылары деңгейіндегі үкіметаралық келіссөздер 2002-жылдың қараша айында басталды.
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық келісім жаңадан Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін саланып бітеді.
Ақтау-Баку жүйесін басқару үшін жеке компания құрылады. Компанияның негізгі инвесторы міндетін Қазақстандағы Қашаған кенішін игеруге қатысушы, ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясында 15 проценттік үлес иемденетін Eni, TotalFinaElf, ConocoPhilips және Inpex тәрізді шетелдік 4 компания атқаратын болады.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

Перейти к новостям спорта