Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі транзитті келісімнің жобасы 2005-жылдың аяғы- 2005-жылдың басында жасалып бітеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұнайын  Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау  жөніндегі транзитті  келісімнің жобасы  2005-жылдың аяғы- 2005-жылдың басында жасалып бітеді

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі транзитті келісімнің жобасы 2005-жылдың аяғы- 2005-жылдың басында жасалып бітеді

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі транзитті (транзитті аумақ иесінің инвесторлармен арадағы) келісімнің жобасы 2005-жылдың аяғы- 2005-жылдың басында жасалып бітеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының президенті Натик Әлиев хабарлады.

  • 15 Тамыз 2005
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Бұл құжатқа қатысты жұмыс көлемі біршама ауқымды. Ол биылғы жылдың аяғы немесе келесі жылдың басында жобаланып бітеді»,- деді Н.Әлиев.

Келісімге Қазақстан мұнайын жалпы тасымалдау және оны Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі Ақтау-Баку жүйесінің инвестор-компаниялары мен Әзербайжан және Қазақстан үкіметтері қол қояды.
Транзитті келісімге қол қойылғаннан кейін барып Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырын салу және пайдалану жөніндегі оператор — ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясы мен қазақстандық мұнай жіберушілер өзара коммерциялық келісім-шарттарына қол қоятын болады.
Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы үкіметаралық келісім жаңадан Ақтау-Баку жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жүйенің мұнай тасымалдау қуаты жылына 20 млн. тоннаны құрайды, алайда алғашқы кезеңде 7,54 мың тоннаға дейін мұнай тасымалданады деп күтілуде. Инвестиция көлемі үкіметаралық келісімге қол қойылғаннан кейін анықталады. Жаңа жүйе Қашаған кенішінен алғашқы мұнай тасымалдана бастайтын мерзімге дейін салынып бітеді. Ақтау-Баку жүйесін басқару үшін жеке компания құрылады. Компанияның негізгі инвесторы міндетін Қазақстандағы Қашаған кенішін игеруге қатысушы, ВТС Со.(Baku -Tbilisi -Ceyhan) компаниясында 15 проценттік үлес иемденетін Eni, TotalFinaElf, ConocoPhilips және Inpex тәрізді шетелдік 4 компания атқаратын болады.
Баку-Тбилиси-Жейхан бағытындағы мұнай құбыры жобасына қатысушы компаниялар мен олардың үлесі мынадай : BP — 30,1%, ГНКАР — 25%, Unocal — 8,90%, Statoil — 8,71%, TPAO — 6,53%, ENI — 5%, Itochu — 3,40%, ConocoPhillips — 2,50%, INPEX — 2,5%, TotalFinaElf — 5% және Amerada Hess — 2,36%.
Баку-Тбилиси-Жейхан негізгі экспорттық мұнай құбырының жалпы ұзындығы 1767 шақырымды құраса, оның 443 шақырымы -Әзербайжан, 248 шақырымы Грузия, 1076 шақырымы Түркия арқылы өтеді. Құбырдың өткізгіштің қабілеті жылына 50 млн. тоннаны құрайды.

Перейти к новостям спорта