Жарияланды: 480

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арандатушы ақпаратты таратушыларға қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арандатушы ақпаратты таратушыларға қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы арандатушы ақпаратты таратушыларға қатысты мәлімдеме жасады.

«Бұрнағы күні бірді-екілі интернет порталынан, телеарнадан «Намазға жығылмағаны үшін баласын құрбандыққа шалды» деген мазмұнда негізсіз ақпар тарап, ел ішіне желдей есті. Алып-қашпа әңгіме ұзынқұлақтан жеткен екен. Қаңқу сөзге сенгендердің бірі жаға ұстаса, енді бірі «нағыз мұсылманның бұған қолы бармайды» деп сенді. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында болмаған оқиғаны www.altaynews.kz сайтына жариялап жіберді. Елді дүрліктірген оқиға ақиқатында болмаған»,-делінген ҚМДБ мәлімдемесінде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілдігі мәселенің мән-жайына қанықты. Аягөз қаласында ондай қылмыстық оқиға орын алмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ аймақтағы өкілдігімізге Аягөз аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Тұрлыбековтің қолы қойылған анықтама келіп түсті. Онда: «Аягөз қаласы мен ауданында 2012 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін «Алтай ньюс» сайтында көрсетілген оқиға болмағанын хабарлаймыз», - делінген. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықты дініміздің беделін түсіру, мұсылмандар жайлы жағымсыз пікір қалыптастыру мақсатында қасақана таратылған қауесет сөзді негізсіз жаңалық ретінде жариялаған ақпарат құралдарын айыптайды және мұндай өрескел әрекетке жол бергендерді олардың ар-намысына қалдырады»,-дейді ҚМДБ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін