Қазақстан мұсылмандары садақаны төлем терминалдары арқылы да бере алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұсылмандары садақаны төлем терминалдары арқылы да бере алады

Қазақстан мұсылмандары садақаны төлем терминалдары арқылы да бере алады

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы «Электронды садақа» деп аталатын пилотты жобаны іске қосып отыр.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz


Астанада жоба шеңберінде «Әзірет сұлтан» мешітінде төлем терминалдары орнатылған, соның көмегімен дұға етіп келгендер садақаны діни басқарманың есеп шотына аудару арқылы да бере алады, делінген жұмада діни басқармадан таралған ақпаратта.
Қайырымдылық және садақа ретінде жиналған ақшаны пайдалану мәселесі тұрғысынан алғанда діни басқарма қызметінің мөлдірлігін арттыруға бағытталған бағдарламаның нақты бір қадамы осы жоба болмақ.
Жоба жемісті ойдағыдай жүзеге асқан жағдайда, оны бүкіл Қазақстан бойынша енгізу көзделген, делінген онда.

Соңғы жаңалықтар