Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы елде салафит ағымына тыйым салуды талап етіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы елде салафит ағымына тыйым салуды талап етіп отыр

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы елде салафит ағымына тыйым салуды талап етіп отыр

Полицейлердің қанын мойнына жүктеген ақтөбелік қылмыстық топты кейбіреулер салафит ағымына жатқызады және оған Қазақстанда тыйым салынуы керек. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасындағылардың аталған мәселеге қатысты пікірі осындай.

  • 14 Шiлде 2011
  • 925
Фото - Caravan.kz

«Шынында, салафит ағымы Қазақстанға кеңінен таралып кетті және бүгінде ол ең қауіпті ағымдардың біріне айналды», — деп сәрсенбі күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне берген сұхбатында ҚМДБ баспасөз хатшысы Оңғар қажы Өмірбек мәлім етті.

Оның ойынша, салафит ағымының кеңінен қанат жаюына Қазақстандағы бірқатар жағдаяттар ықпал еткен.
Біріншіден бұған Қазақстанның дінге қатысты заңдарының солқылдақтығы себеп, дейді О.Өмірбек.
Бұған араб елдерінен келген миссионерлер де белсенді үлес қосты, дейді ол. «Осыдан екі-үш жыл бұрын Алматыдағы «Айнабұлақ» ықшам ауданында осы ағым мұсылмандарын оқытатын медресе жұмыс істеді. Кейін ол жабылды. Бес жыл бұрын Шымкентте жұмыс істеген Қазақ-араб университеті салафиттер даярлады», — деп еске алды О.Өмірбек.
«Алматыда Сауд Арабиясының мәдени орталығы бар, көптеген жастарымыз сонда барады. Біз осы орталықты жаптыра алмай жүрміз», — деді ол.
ҚМДБ баспасөз хатшысының айтуынша, көптеген жастарымыз Сауд Арабиясына қажылыққа барамыз деп виза аштырып, сол елдегі салафит ағымына жататын университетте оқуға қалып қояды.
«Салафия» ағымы Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары сынды мұнайлы өлкелерде кең таралған, дейді О.Өмірбек.
«Ол жерлерге араб елдерінен, Ираннан барған салафит миссионерлерінің жергілікті халыққа ықпалы күшті болды. Бірақ, біздің билік оған аса мән бере қойған жоқ», — деді ол.
Ал, ҚМДБ-ның дәстүрлі исламды насихаттауына қаражат жеткіліксіз, деп есетейді Оңғар қажы.
«Имамдарға ешқандай жағдай жасалмағандықтан олар ауылда тұрақтамайды. Бір ғана Ақтөбе облысында 15-16 мешітте имам жоқ. Ал, қожайыны жоқ мешітке кім болса сол келіп уағыз айта алады», — деген қажы алаңдаушылығын да жасырмады.
Оның айтуынша, ҚМДБ бірнеше мәрте заңға өзге ағымдарға тыйым салып, тек қана ханафиттік мазхаб ағымына рұқсат беру жөнінде өзгертулер енгізуді ұсынған.
«Биыл осы заң қабылданатын шығар деп үміттенеміз», — деді О.Өмірбек.

Соңғы жаңалықтар