Қазақстан нарығында ЖҚС сату туралы ұсыныстар күрт көбейіп отыр - «Гелиос» - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан нарығында ЖҚС сату туралы ұсыныстар күрт көбейіп отыр - «Гелиос»

Қазақстан нарығында ЖҚС сату туралы ұсыныстар күрт көбейіп отыр - «Гелиос»

Қазақстан нарығында жанармай құю станцияларын (ЖҚС) сату туралы ұсыныстар күрт көбейіп кетті, деп мәлім етті «Гелиос» ЖШС маркетинг және сату жөніндегі директоры Денис Трандофилов.

  • 21 Шiлде 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі кезле бізге күнделікті түрде ЖҚС сату туралы ұсыныстар түсіп жатыр. Бір немесе бірнеше ЖҚС сату туралы ұсыныстар жасалады.30ЖҚС желісі сатылады», — деді Д. Трандофилов бейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

«Гелиос» өкілі есінде қалмағанын айтып, өздерінің ЖҚС-ларын ұсынған кәсіпорындарды атаудан бас тартты.

Сондай-ақ, ол ЖҚС сату туралы ұсыныстардың көбеюін ЖЖМ нарығындағы жағдайдың нашарлауымен байланыстырды.

«Бөлшек нарықты қатаң бақылап, көтерме нарықты мүлдем реттемейтін БҚА әрекеттері түсініксіз. Бұл нарыққа қарсы», — деді Д. Трандофилов.

Бұрын хабарланғандай, «Гелиос»ЖШС бәсекелестікті қорғау агенттігінің аумақтық департаменттеріне сатылатын отынның бағасын қымбаттату туралы өтініштер түсірді: А-80 бензинін Т97-ге дейін, Аи-92 –Т113, ДО– Т113. «Гелиос» доминанттар реестріне енгізілмеген қалалар мен аймақтарда компаниябағаны осы деңгейге дейін біреттік тәртіппен өсірген.

Компанияның мәліметтеріне сәйкес, ҚР мұнай және газ министрлігі 1 шілдеден бастап мұнай өнімдерінің әлеуметтік маңызды түрлеріне шекті баға белгіледі: АИ-92/93 бензиндері — Т102/л, АИ-80 — Т84/л, ДО — Т87/л. Бірақ шектеулер көтерме бағаларды қамтымайды, қазіргі көтерме бағалар: АИ-92/93 бензиндері — Т99-105/л, АИ-80 – Т84-95 /л, ДО – Т87-95 /л. Осылайша, ЖҚС қызметі шығынды болып отыр.

Соңғы жаңалықтар