KZ-today тілшісі дау-шарға түрткі болған екі жақтың қай-қайсысынан да түсініктеме ала алмады. Мәселен, «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-нан хабарлағанындай, банк басқармаларының төрағасы Оразалы Ержановпен байланысқа шығу мүмкін емес. Сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, банк басқармаларының төрағасы шетелде жүр.
«Қазақстан Наурыз банкі» АҚ — бұрынғы «Қазагроөнеркәсіп» банкінің мұрагері, ол 2001-жылы «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ деген атаумен қайтадан тіркелген. О.Ержанов 2001-жылдың наурыз айынан бері аталмыш банктің басқармалары төрағасы болып табылады. Ал 2000-жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында ол «Қазақстанның Халықтық жинақ банкі» ААҚ-ның басқармалары төрағасының бірінші орынбасары, 2000-жылдың қыркүйек айы мен 2001-жылдың қаңтар айлары аралығында «KEGOC» ААҚ-ның бірінші вице-президенті болды. О.Ержанов сондай-ақ, «Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі болып табылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президентке «Наурыз банк» басшысының атынан жазылған-мыс делінген хатта президент әкімшілігінің жетекшісі Иманғали Тасмағамбетов тарапынан жасалып отырған «өктемдік әрекеттер» туралы айтылған. Хатқа жүгінсек, И.Тасмағамбетов үкіметті басқарып тұрған тұста «Қазақстан темір жолы» ААҚ-ның президенті Е.Атамқұловпен бірлесе «Қазақстан Наурыз банкі» АҚ-ның жарғылық қорына үлес қосуға келісіп, бастапқы жарна қосқан. Алайда, кейінірек бұл келісімнен бас тартып, 10 млн. доллар көлеміндегі жарнаны қайтаруды талап еткен көрінеді.