Қазақстан наурызда 25 мың тонна ресейлік мұнайды Өзбекстанға жеткізіп береді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан наурызда 25 мың тонна ресейлік мұнайды Өзбекстанға жеткізіп береді

Қазақстан наурызда 25 мың тонна ресейлік мұнайды Өзбекстанға жеткізіп береді

Ресейлік мұнай транзитінің жалпы жоспарлы көлемі - 250 мың тонна.

  • 16 Наурыз 2023
  • 9
Фото - Caravan.kz

«ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында 25 мың тонна ресейлік мұнайды Өзбекстанға тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Компания баспасөз қызметінің мәліметіне сенсек, Энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесі бар.

Оған сәйкес наурыз айында «ҚазТрансОйл» АҚ 25 мың тонна ресейлік мұнайды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына жеткізеді.

Мұнай «Омбы — Павлодар — Шымкент — Шағыр мұнай құю тірегі» (темір жол цистерналарына тиеу) арқылы тасымалданады.


2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесі арқылы Өзбекстанға ресейлік мұнай транзитінің жалпы жоспарлы көлемі — 250 мың тонна.

Соңғы жаңалықтар