Энергетика министрі Владимир Школьниктің бұйрығы бүгіннен бастап өз күшіне енді. Бензин ғана емес, керосин, дизель отыны, басқа да мұнай өнімдері одақтастардан басқаларға жарты жыл бойы экспортталмайды. Яғни, қазақтың қара алтынының қызығын тек Ресей, Беларусь,Армения мен Қырғызстан көре алады деген сөз. Энергетика министрлігі «ішкі нарықта тапшылық пен бағаның өсуіне» жол бермеу үшін экспортқа тыйым салғанын айтады.