Қазақстан офицерлерін Ауғанстанға жіберуді қарастыратын заң жобасы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан офицерлерін Ауғанстанға жіберуді қарастыратын заң жобасы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралмайды

Қазақстан офицерлерін Ауғанстанға жіберуді қарастыратын заң жобасы парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралмайды

Парламенттің бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Атлант Шарты Ұйы­мы арасындағы Ауғанстан­да­ғы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің қызме­ті­не қатысу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы»заң жобасы қарамайды.

  • 20 Маусым 2011
  • 652
Фото - Caravan.kz

Отырыс күн тәртібінде көрсетілгендей, оған үш мәселе енгізілген: ҚР конституциялық кеңесінің «Қазақстан республикасындағы Конституциялық заңдылық туралы»жолдауы; республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен есептеу комитетінің есебі ; парламент регламенті жөніндегі ҚР парламент палаталарының бірлескен комиссиясын құру туралы мәселелер бар.

«Біз жұмыс істеп жатырмыз. Ол (қазақстандық бітімгершілерді Ауғанстанға жіберу туралы заң жобасы) бүгінгі отырысытың тақырыбы емес. Қазір біз ол мәселені зерттеп, бастамашыл топпен талқылап жатырмыз. Кейін қандай да ортақ шешімге келерміз. Біз оны бюрода қарап көреміз», — деді мәжіліс депутаты Әмзебек Жолшыбеков дүйсенбі күні палатаның дүйсенбі күнгі отырысының алдында.

Өз кезегінде депутат Владимир Нехорошев те мәжілістің аталған заң жобасын оны әзірлегендер – ҚР сыртқы істер министрлігіне — «әзірге кері қайтару ниетінің жоқтығын» растады.

Бұрын хабарланғандай, ҚР парламент сенаты өткен бейсенбі күні аталған заң жобасын қарып, қайтадан мәжіліс ке кері қайтарған болатын.

«Сенат бұл заң жобасын ратификацияламай, мәжіліске қайтарса, дұрыс жасайды деп ойлаймын. Бұл жерде НАТО-ға мүше елдердіңәскери қызметкерлерін, техникасын тасымалдау үшін Қазақстанның әуе кеңістігін беру туралы ғана емес, біздің әскери қызметкерлердің халықаралық күштердің қызметіне қатысуы туралы да сөз болып отыр. Біз мұндайды көргенбіз. Кеңес одағының Ауғанстанның істеріне араласуы бұл елге бейбітшілік әкелген жоқ. Бұл жерде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүше-мемлекеттерді персоналын, жабдықтарын, басқа да ресурстарын беруге шақыратын резолюциясы бар екенін түсінемін. Бірақ біздің еліміздің өз жолы, өз саясаты бар», — деп атап көрсетті сенатор Светлана Джалмагамбетова.

Депутат ҚР-дың Ауғанстанға қатысты саясаты нақты белгіленгенін – бұл гуманитарлық көмек көрсету арқылы осы елдегі жағдайды тұрақтандыруға қолдау көрсеті. Алдағы уақытта да осы саясатты ұстану керек.

Депутат Тасбай Симамбаевта заңды қабылдауға қарсылық білдірді.

«Бұл келісімді ратификацияламауға барлық негіздер бар. Біз еліміздегі бейбітшілік пен келісімді көздің қарашығындай қорғауға тиіспіз. Бізде концептуалды сынтқы саясат, бейтарап позиция болуға тиіс. Ол жаққа контингентімізді жібермеу дұрыс шешім болады. Және бұл қазақстандықтардың мүдделеріне жауап береді», -дедісенатор.

Еске сала кетейік, Қазақстан НАТО-ның 6 ай кезеңге мақұлдауы мен сертификаттауы шартымен Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштеріне контингентін жіберуді жоспалаған болатын, аталған мерзімді өзара келісім бойынша ұзартылу мүмкіндігі қарастырылған.

«Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштеріне берілген ұлттық контингенттер операция аймағына жетіп, қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің міндеттерін атқаруға дайын деп бағаланғаннан кейін кем дегенде НАТО-ның Еуропадағы Бірлескен Қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысының оперативті басқаруына өтіп, НАТО бекіткен қару қолдану ережелерінің субъектілері болып есептеледі», — делінген палатаның салалық комитетінің қорытындысында.

Келісімге сәйкес, Қазақстан өз контингентінің жеке құрамын, олардың қару-жарағы мен жабдықтарын НАТО жағының шығынынсыз, кету жерінен операция аймағындағы орналасу орнына дейін және кері бағытта тасымалдау жауапкершілігін өз мойнына алады.

Бұдан басқа, Қазақстан өзінің жеке құрамын НАТО жағының шығынынсыз тамақпен, тұрғылықты жерлерімен, ЖЖМ-мен, медициналық көмекпен, қару-жарақпен және оның міндеттерін орындау үшін қажет басқа да құралдармен, сондай-ақ, ақшалай төлемақылармен, жәрдемақылармен, күнделікті шығындармен, іссапар және басқа да төлемдермен қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік, «Талибан» қозғалысы 21 мамыр сенбі күні Қазақстанның ҚР мен НАТО арасындағы Ауғанстандағы қауіпсіздікке қолдау көрсетуші халықаралық күштердің қызметіне қатысу туралы келісімді ратификациялауына байланысты мәлімдеме таратқан болатын.

«Қазақстанның НАТО-ның Ауғанстанда жүргізіп отырған соғысқа әскер жіберу турал шешімінің салдары ауыр болады», — деп ескертеді қозғалыс қазақстандық мұсылмандарға арнаған үндеуінде.

«Талибан» қозғалысының мәлімдемесіне сәйкес, қазақстандық биліктің бұл шешімі аймақтағы барлық елдердің мүдделеріне қайша келеді. «(Қазақстан — ҚазТАГ) ел халқының тілегі мен аймақтың мүдделерін ескергеннің орнына, АҚШ мүдделерін қорғап отыр. Бұл қадамның (…) Ауғанстанның Қазақстанмен қатынастарына ұзақ мерзімді теріс әсері болады», — делінген талибтердің мәлімдемесінде.

«Талибан»қозғалысының мәлімдемесі қоғамда теріс резонанс тудырды. Ауғанстандағы соғыстың, басқа да локальды соғыстардың ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі қазақстандық бітімгершілерді Ауғанстанға аттандыруға қарсылық білдірді. Осыған байланысты Қазақстан билігі Ауғанстанға жіберілетін 4 офицер соғыс қимылдарына қатыспайтынын хабарлады.