Жарияланды: 560

Қазақстан өкілдері Катарда өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының дамуды қаржыландыру жөніндегі халықаралық конференциясына қатысады

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Қазақстан өкілдері Катарда өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының дамуды қаржыландыру жөніндегі халықаралық конференциясына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Қарашаның 26-сы мен желтоқсанның 2-сі аралығында Қатар астанасы - Дохада Біріккен Ұлттар Ұйымының дамуды қаржыландыру жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді. Оған ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов бастаған қазақстандық делегация қатысады", деді Е.Ашықбаев. ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаевтың айтуынша, аталған іс-шара 2002 жылғы наурыздың 21-22-сінде өткен БҰҰ-ның дамуды қаржыландыру жөніндегі конференциясында қабылданған Монтеррей консенсусын ске асыру барысындағы маңызды кезең болып табылады. "Қабылданған құжаттың мақсаты - кедейшілікті жою, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және тұрақты дамуды ынталандыру болып табылады", деді СІМ Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін