Оның айтуынша, бас қосуды БҰҰ хатшылығының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті мен Испанияның сыртқы істер және ынтымақтастық жөніндегі министрлігі ұйымдастырады.
Бас қосу «кіріс деңгейі орташа елдер» ұғымына мейлінше айқын анықтама беру, халықаралық қоғамдастық тарапынан кіріс деңгейі орташа елдерге қолдау көрсету қажеттігін ақтайтын аргументтерді табу, кіріс деңгейі орташа елдермен ынтымақтастық саясатында түрлі агенттердің атқаратын ролін зерттеу, осы топтағы елдермен халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстардың мейлінше ықпалды құралдарын белгілеу мақсаттарын көздейді.
Е.Ашықбаевтың айтуынша, бас қосу аясында «Кіріс деңгейі орташа елдерді халықаралық сауда-саттыққа тарту және олардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін артықшылықтар», «Кіріс деңгейі орташа елдердегі қаржылық тұрақтылық», «Әлеуметтік бірлік және демократиялық басқару», «Кіріс деңгейі орташа елдермен халықаралық ынтымақтастық» секілді төрт тақырыпқа арналған сессиялар өткізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті