Қазақстан өкілі Алматыда БҰҰ-ның екі экономикалық комиссиясының бірлескен субаймақтық кеңсесін ашуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өкілі Алматыда БҰҰ-ның екі экономикалық комиссиясының бірлескен субаймақтық кеңсесін ашуды ұсынды

Қазақстан өкілі Алматыда БҰҰ-ның екі экономикалық комиссиясының бірлескен субаймақтық кеңсесін ашуды ұсынды

Алматы. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ бас пәтерінде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясы аясында Алматы іс-әрекеттер бағдарламасының орындалу барысына орта мерзімдік шолу жасауға арналған жалпы кеңес одан әрі жалғасуда. Ол 2003 жылдың тамыз айында Қазақстанда өткен теңізге шығар жолы жоқ елдердің халықаралық министрлер конференциясында қабылданған, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

  • 6 Қазан 2008
  • 343
Фото - Caravan.kz

Кеңеске қатысушылар алдында сөз алған Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларын шешуде Орталық Азия елдерінің рөлі арта түскеніне баса назар аударды. Ол БҰҰ-ын Азия өңірінде көлік инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар