Жарияланды: 470

Қазақстан өкілі Азиялық теннис федерациясының директорлар кеңесінің құрамына енді

11 маусымда Ташкентте Азиялық теннис федерациясының есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияда қаралған басты тақарыптар АТФ-тың президентін және оның директорлар кеңесінің құрамын қайта сайлау болды. Бұл туралы ҚР Теннис федерациясынан мәлім етті.

Талқылау барысында және оның соңынан болған сайлаудан кейін Анил Кумар Ханна АТФ-тың президенті ретінде жаңа кезеңге қайта сайланды. Сондай-ақ АТФ директорлар кеңесінің жаңа мүшелері сайланды. Қазақстандық спорттың тарихында алғаш рет АТФ-тың директорлар кеңесінің құрамына Қазақстанның теннис федерациясының өкілі, ҚТФ-тың вице-президенті Әділ Бөрлібаев енді. Айта кетейік, бүгінгі күні азиялық теннисшілердің арасында АТР-дың ең үздіктер рейтингісінде қазақстандық Андрей Голубев тұр, ал келесі қазақстандық Михаил Кукушкин осы көрсеткіш бойынша Азияда ең үздік үшінші нәтижеге қол жеткізіп отыр. Ал Қазақстанның теннисшісі Ярослава Шведова былтыр америкалық Вани Кингпен бірге қатарынан екі «Үлкен шлем»-ді (Wimbledon, US Open) жеңіп алған болатын. Қазақстанда теннис ойынының өркендеуін назарға алып, Азиялық теннис федерациясы 2008-2009 жылдары Астанада Азия/Мұхит аумағының Холман Кубогі турнирін өткізуді сеніп тапсырған болатын. 2009 жылы аталмыш турнирде Қазақстанның құрамасы жеңіске жетіп, Холман Кубогының әлемдік тобына өтті. 2010 жылы Қазақстанның ерлер құрамасы Швейцарияның айтарлықтай мықты командасын ұтып (5:0), белді Дэвис Кубогының әлемдік тобына өтті. Ағымдағы жылы наурыз айында біздің команда қызу тартыста Чехияның командасын (3:2) артқа қалдырып, «Дэвис Кубогы-2011»-дің ширек финалына қатысқан жалғыз азиялық команда болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін