Б. Нұрғалиевтің ШЫҰ бас хатшысы қызметіне кірісу салтанатында сөз сөйлеген ҚХР сыртқы істер министрі Ли Чжаосин Қытай үкіметі одан әрі де ұйым мен оның хатшылығына қолдау көрсететіндегін мәлімдеді. » Аймақтағы және ұйымға мүше мемлекеттердегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау, көп салалы тәжірибелі ынтымақтастықты тереңдету, жан-жақты даму мен өркендеуге ықпал ету ұйымның басты мақсаты болып отыр»,-дейді министр.
Министр ШЫҰ хатшылығының қызметін жоғары бағалап, ұйымның халықаралық ықпалын үздіксіз дамыту мен кеңейтуде үлкен роль атқарып отыр деп атап өтті.
Бұған дейін ШЫҰ хатшылығын Қытайдың өкілі Чжан Дэгуан басқарып келген. Ол ШЫҰ атқарушы хатшысы қызметінен 2006 жылдың аяғында босады.
ШЫҰ құрамына Қытай, Тәжікстан, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті