Қазақстан өкіметі сайлауды әділетті өткізуден мүдделі - сенат спикері - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өкіметі сайлауды әділетті өткізуден мүдделі - сенат спикері

Қазақстан өкіметі сайлауды әділетті өткізуден мүдделі - сенат спикері

Қазақстандағы барлық мемлекеттік құрылымдар сайлауды еркін әрі әділетті өткізуден мүдделі. Бұл туралы бүгін, 11-қарашада республика парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев Астанада Украина Жоғарғы радасының спикері Владимир Литвинмен кездесуде атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қараша 2005
  • 381
Фото - Caravan.kz

«Сайлаудың заңды өтуінен баршамыз мүдделіміз»,- деді Н.Әбіқаев.

Ол сонымен бірге сенбі күні сенаторлардың өз аймақтарына сапарға шығып, сайлаушылар, атқарушы билік өкілдері мен президенттіктен үміткерлердің жақтастарымен жүздесетінен хабарлады. Н.Әбіқаевтың айтуынша, депутаттар заң аясынан шықпау қажеттігін түсіндіретін болады. «Мен осындай тапсырма бердім»,- деді сенат спикері.
«Қазіргі басты мақсат — жергілікті атқарушы билік өкілдерінің президент үшін «артық қыламын деп, тыртық қылдымның» керін келтіріп жүрмесе болғаны. Ең бастысы, жергілікті жерлерде бар нәрсе заң шеңберінен шықпағаны жөн»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта