Қазақстан өңірлері әкімдерінің жеке блогтарының рейтингісі жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өңірлері әкімдерінің жеке блогтарының рейтингісі жасалды

Қазақстан өңірлері әкімдерінің жеке блогтарының рейтингісі жасалды

Рейтинг.kz зерттеу орталығы Қазақстан өңірлері әкімдерінің жеке блогтарының рейтингін жасады.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 292
Фото - Caravan.kz

Алғашқы бестікті сәйкесінше Астана және Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары әкімдерінің блогтары бастады.

Халыққа қолжетімділік жағынан нашар көрсеткіштерге Атырау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдерінің блогтары ие болды.

«Аталмыш өңірлер әкімдерінің блогтарына кіргенде, өңір басшыларының блогтары халықта қандай да бір сұрақ қою ойы туындамайтындай етіп жасалғандай», — деп жазады Зерттеу орталығы.

Орталық сондай-ақ әкімдердің сұрақтарға жауап беру жылдамдығының да рейтингін жасады. Мәселен, 2012 жылдың 3 қазанында барлық облыстардың, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің блогтарына қоғамдық көліктердегі тарифтерге қатысты сұрақ жолданды. ҚР заңы бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары азаматтардың өтініштерін 30 күннен асырмай қарастыруы қажет.

Бірақ 30 күннің ішінде Зерттеу орталығы қызметкерлерінің сұрағына жауаптар тек алты өңір басшысынан алынды: Маңғыстау облысының (13 күннің ішінде), Солтүстік Қазақстан (14 күн), Қызылорда (15 күн), Алматы (22 күн), Қостанай (26 күн) және Ақтөбе облыстарының (37 күн). Қалған 10 өңірдің басшылары зерттеушілердің сұрақтарын мүлдем елемеген.