Сыртқы істер министрінің пікірінше, «аймақ елдеріндегі экономикалық реформалар лаңкестік және экстремизм проблемаларын шешуге айтарлықтай үлес қоспақ».
Қазір Қазақстан аймақ шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыта нығайту үшін бәрін жасап жатыр, деді Қ.Тоқаев. «Бұл өте күрделі құбылыс және өзін айнала кедей әрі тұрақсыз елдер қоршай орналасқан жағдайда Қазақстан гүлдене алмайтынын біз жақсы түсінеміз»,- деді ҚР СІМ.
«Біз Орталық Азия аймағындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық осы өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтудың әсерлі факторына айналады деп сенеміз»,- деп атап көрсеткен Қ.Тоқаев : «біріккен жағдайда бұл рынок ауқымды инвестиция тартатын мүмкіндікке айналады», деді . «Орталық Азия аймағы гүлденген қоғам құрып, халықаралық сауда-саттыққа белсене қатысушыға айналатынына негіз толық»,- деді ол.