Қазақстан «Орталық Азия + Жапония» сұхбаттастығын конструктивті жалғастыруды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан «Орталық Азия + Жапония» сұхбаттастығын конструктивті жалғастыруды қолдайды

Қазақстан «Орталық Азия + Жапония» сұхбаттастығын конструктивті жалғастыруды қолдайды

Бүгін «Орталық Азия + Жапония» сұхбаттастығы елдері Сыртқы істер министрлерінің кезекті 4-ші отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.

  • 10 Қараша 2012
  • 422
Фото - Caravan.kz

Жиын қорытындысына арналған бірлескен баспасөз мәслихатында ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан кейінгі 20 жылда Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы байланыс барлық бағытта да қарқынды дамып келе жатқандығын баса айтты.

«Келер болашақта жапон тарабының бастамасымен құрылған Форум өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге және экономикалық, сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына шынайы үлес қоса алады. Қазақстан Жапония мен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қанынастың барынша жоғары деңгейге көтерілуіне түрткі болатын «Орталық Азия + Жапония» сұхбаттастығын конструктивті жалғастыруды қолдайды», — деді Е.Ыдырысов.

«Атап өткен жөн, біздің пайымымызша, анағұрлым перспективалы болып кооперацияның келесі бағыттары саналады: мемлекеттік басқаруды нығайту; экономиканың өсімі; Орталық Азия елдеріндегі жеке секторды, орта және шағын бизнесті нығайту; өңірішілік сауда-саттықты дамыту, өңірдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту; су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану әрі басқару; өңірдің экологиясын сауықтыру; энергия үнемдеудің жаңа технологияларын енгізу; жаңғырмалы энергия көздерін дамыту», — деп мәлім етті министр.

«Сөз соңында кездесуді ұйымдастырған жапон тарабына алғысымды білдіріп, Орталық Азия елдері мен Жапонияның ынтымақтастығы сәтті болады деген сенімімді жеткізгім келеді», — деп түйді ҚР СІМ басшысы.

Соңғы жаңалықтар