Қазақстан Орталық Азиядағы ең сараң әрі қайырымсыз ел деп танылды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Орталық Азиядағы ең сараң әрі қайырымсыз ел деп танылды

Қазақстан Орталық Азиядағы ең сараң әрі қайырымсыз ел деп танылды

CAF филантропияны қолдау және дамыту америкалық қоры әлемнің 140 еліндегі адамдардың жомарттығына, біреуге көмектесуге қаншалықты дайын екеніне қатысты зерттеу жүргізген.

  • 1 Қараша 2016
  • 1143
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Zanoza.kg хабарлады.

Зерттеу бірнеше ерекшеліктер бойынша жүргізіліпті:

қайырымдылықпен айналысуға дайындығы;

қайырымдылыққа ақша беруге дайындығы;

ерікті болуға талпынысы;

бейтаныс адамға көмектесуге дайындығы (мысалы, тамақ немесе киімін бере салу).

Орталық Азиядағы ең жомарт ел Өзбекстан екен. Ол бұл жағынан 140 мемлекеттің арасында 11-орында тұр. Аталған ел азаматтарының 52 пайызы қайырымдылықпен айналысуға, 67 пайызы бейтаныс адамға көмектесуге, 62 пайызы қайырымдылыққа ақша жұмсауға дайын болса, 27 пайызы ерікті болудан қашпайды екен. Сондай-ақ, Өзбекстан биылғы рейтингте алға жылжып, 9 сатыны бағындырған.

15-орын Түрікменстанға бұйырыпты. Ондағылардың көбі бейтаныс жанға көмектесуге дайын емес. Бірақ ерікті болуға жаппай талпынады. Ондайлардың саны халықтың 60 пайызын құрайды. Бұл — әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Биыл Түрікменстан, былтырғы рейтингпен салыстырғанда, 6 орынға көтерілген.

Ал Қырғызстан 8 сатыға көтеріліп, 34-орынды иеленген. Ел халқының 55 пайызы бөтен адамға көмектесуге, 29 пайызы ерікті болуға дайын.


Тәжікстанға 87-орын бұйырған. Тәжіктердің 49 пайызы бейтаныс жанға көмектесуге, 19 пайызы ерікті болуға талпынады.

Орталық Азия бойынша ең төмен көрсеткішті Қазақстан иеленіп, 96-шы орында тұр. Біздің халқымыздың 14 пайызы ғана игілікті іс үшін тегін жұмыс істеген және сонша халық осыған дайын. Қазақстандықтардың 38 пайызы ғана бөтен адамға көмектесе алады.

Жалпы, әлем бойынша ең соңғы орын Қытайдың еншісінде. Ондағылар бір-бірін тыңдауға, бір-біріне жәрдемдесуге аса құштар емес екен. Шетелдікке көмектесуге халықтың ширек бөлігі ғана, ал қайырымдылыққа ақша жұмсауға 6 пайызы ғана дайын.

Дүние жүзі бойынша Мьянма (Бирма) халқы ең жомарт болып шықты. Олардың 91 пайызы жерлестеріне көмектесуге дайын. Жомарттығының жоғарылығы жағынан екінші орын АҚШ-қа, үшінші орын Австралияға бұйырған.