Конференцияға қатысушылардың пікірінше, Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Сайлаулар Қауымдастығына мүшелікке өтуі республиканың демократиялық реформаларды дамытуды дәйекті қолдаушы, Еуразия кеңістігіндегі геосаяси және демократиялық процесстерге белсене қатысушы ел екенін айғақтап отыр.
Сайлау процессінің ашықтығын қамтамасыз етуде, сондай-ақ, партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың еліміз өміріндегі ролін нығайту және дамытуда, үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз БАҚ-тардың іс-қызметін қолдауда Қазақстан үкіметі тарапынан қолданылып жатқан шараларға қарағанда республиканың айтарлықтай табыстарға қол жеткізгені атап көрсетілді.
Бұл жолғы конференцияның мақсаты демократиялық процесстерді дамытудағы БАҚ-тар ролін талқылауға, сондай-ақ, дауыс берудің және дауысты есептеудің электрондық әдістерін қолданысқа енгізу перспективаларын сарапқа салуға саяды. Қазақстандық өкілдер елімізде дауыс берудің автоматтандырылған жүйесін қолданысқа енгізу мүмкіндіктері туралы мәселені зерттеді.
1991-жылы негізі қаланған Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Сайлаулар Қауымдастығы ұлттық үкіметтерден тәуелсіз, партиялық емес форум болып табылады. Онда сайлау ұйымдары мен сарапшылар сайлаулардың ашықтығын қамтамасыз ету жолдарын талқылау және оны жүзеге асыру үшін өзара ақпарат және тәжірибе алмасады.
Қазақстан Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің Сайлаулар Қауымдастығына мүшелікке өткен 21-мемлекет болды.