«»Kazsat» жер серігін ұшыру — істің бастамасы ғана дегенді біз , әрине, ұғамыз. Сол себепті президенттің тапсырмасына сәйкес тағы да екі жер серігінің техника-экономикалық негіздемесі жасалып жатыр. Ол Қазақстанға отандық ғарыштық жер серіктерінің тобын құру арқылы халықаралық ғарыштық іске белсене атсалысушы елдер қатарына қосылуға мүмкіндік береді»,- деді Д.Ахметов.
«Kazsat» жер серігі ағымдағы жылдың желтоқсан айында ұшырылады»,- деді үкімет басшысы. «Аталмыш жер серігін ұшыру еліміздің спутникпен таратылатын телевизиялық хабарларға деген сұранысын қамтамасыз етумен бірге байланыс саласындағы сұранысты да айтарлықтай қамтамасыз етеді»,- деді Д.Ахметов. «Бүгінгі таңда ұшуларды басқару орталығының құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталды»,- деді ол.
Сонымен бірге, Д.Ахметовтың хабарлауынша, көлемі шағын бірегей ғарыштық аппараттарды қолданысқа енгізуге мүмікіндік беретін ғарыштық-зымыран кешенін бірлесіп жобалау жөнінде «Қазғарыш» АҚ мен Мәскеу жылу энергетикалық институы арасында келісім-шартқа қол қойылды.
Үкімет басшысы сонымен бірге ғарыш саласына арналған қазақстандық мамандарды Ресей дайындайтын болды деп хабарлады. Қазір 114 маманды қайтадан дайындау шарасы басталды. Ал келесі жылдан бастап қазақстандық 52 азамат «Болашақ» бағдарламасы бойынша ғарыштық мамандықтар игере бастайды.