Жоба Қазақстандағы асыл тұқымды меринос қойларының сапасын арттыру және жүн мен тоқыма бұйымдар өндірісінің тік интеграциялы тізбегін құруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатын көздейді. Жобаны жүзеге асыру аясында Қазақстанда селекциялық жұмыстар жүргізу үшін Австралияның меринос қойларының асыл тұқымдық орталығын құру, Семейдегі жүнді алғашқы сатылы өңдеу фабрикасын жаңалау, сондай-ақ, Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында қой шаруашылығын дамытуға қажетті инфрақұрылымды қалыптастыру көзделіп отыр.