Қазақстан өз азаматтары үшін азық-түлік қауіпсіздігіне кепілдік береді
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қазіргі кездегі негізгі қауіптің бірі ретінде ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігін атады. Баршаға белгілі, дүниежүзінде әрбір жетінші адам аштыққа ұшырап, тойып тамақ ішпейді. Табиғи мол байлыққа ие Қазақстан жоспарланып отырған ауыл шаруашылығын жаңғырту, егіс көлемін кеңейту арқылы жаңа технологияларды пайдаланып, өзі үшін де, әлемнің басқа мемлекеттері үшін де азық-түлік |
қауіпсіздігіне кепіл бола алады.
Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының депутаты, «Цесна-Астық» концерні» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Николай Мещеряков мәлім етті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тағамдарының бағасын өсірмеуді, инфляция мен азық-түлік нарығының сапалы тауарлармен толығуын бақылау біздің ел Үкіметінің ең басым жұмыстарының бірі болып табылады.
Астананың азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де қала әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бұған дейін хабарланғанындай, елордада қараша айында кейбір тағамдарға баға арзандады. Мәселен, қант бағасы 1,1%-ға, сәбіз - 5,6 %-ға, пияз - 3,2 %-ға, қызылша - 0,6 %-ға бағасы төмендеді, - делінген Астана қаласы Статистика департаментінің хабарламасында.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін