Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының депутаты, «Цесна-Астық» концерні» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Николай Мещеряков мәлім етті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тағамдарының бағасын өсірмеуді, инфляция мен азық-түлік нарығының сапалы тауарлармен толығуын бақылау біздің ел Үкіметінің ең басым жұмыстарының бірі болып табылады.
Астананың азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де қала әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бұған дейін хабарланғанындай, елордада қараша айында кейбір тағамдарға баға арзандады. Мәселен, қант бағасы 1,1%-ға, сәбіз — 5,6 %-ға, пияз — 3,2 %-ға, қызылша — 0,6 %-ға бағасы төмендеді, — делінген Астана қаласы Статистика департаментінің хабарламасында.