Қазақстан өз азаматтарын 1 наурызға дейін Оңтүстік Корея мен Ираннан оралуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өз азаматтарын 1 наурызға дейін Оңтүстік Корея мен Ираннан оралуға шақырды

Қазақстан өз азаматтарын 1 наурызға дейін Оңтүстік Корея мен Ираннан оралуға шақырды

Қазақстан коронавирус індетінің қаупіне байланысты Оңтүстік Кореямен әуе қатынасын шектеуге, рейстер санын азайтуға және оны Иранмен уақытша тоқтата тұруға ниетті.

  • 26 Ақпан 2020
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Stan.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе қатынасын шектемекші. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

"Біз ұшу бойынша шектеулер қоямыз. Біз 1 наурызға дейін қазақстандықтарға оралуға уақыт береміз. Апта сайын Оңтүстік Кореяға 9 рейс ұшады. Олардың міндеті — азаматтарымызды қайтару. Иран бойынша жағдай жеңілірек. Онда 170-ке жуық азамат бар. Олар 1 наурызға дейін қайтуы керек. Көбісі билеттерді қайтарады", — деді Бекшин.

Оның айтуынша, 25 ақпанда ведомствоаралық комиссияға билеттердің құнын толық көлемде өтеуге бұйрық берілген.

"Оңтүстік Корея бірінші санатқа енді. Мұнда 1 наурыздан бастап аптасына тоғыз рейстен үшке дейін шектеледі. Қазір біз сыртқы істер министрлігімен және индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен басқа елдердегі (атап айтқанда Жапониямен) келісіп жатырмыз. Ешқандай қиындықтар жоқ: аптасына екі рет рейс болады. Сонымен қатар 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы мен Иран арасындағы әуе қатынасын тоқтата тұру жоспарланған. Көптеген елдер Иранмен әуе қатынасын тоқтатты, олар Түркия, Пәкістан, Ауғанстан, Оман. Мұндай шектеу 1 наурызда енгізіледі, басқа елдер бойынша мәселе шешілген жоқ", — деп атап өтті қазақстандық бас дәрігер.

Оның айтуынша, бүгінде көптеген елдерде коронавирус жағдайы нашарлай түсуде, ал Қытайда тұрақтандыру жүріп жатыр.


"Басқа елдердегі аурудың өсуі бізді алаңдатады. Соңғы 2,5 сағат ішінде 2,5 мың жағдай тіркелді, бұл жағдай шиеленісіп жатқандығын көрсетеді. Сондықтан ДДСҰ бас хатшысы әлемнің пандемия алдында тұрғанын айтты. Бұл аурудың екі немесе одан да көп континенттерге таралған кезде пайда болады. Бұл індет Еуропада, Австралияда кеңінен таралған, Италияны қоспағанда", — деді Бекшин.

Жағдайды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қадағалап отырады және қажет болған жағдайда шара қолданады.

Бұған дейін индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев Қазақстан Covid-19 науқастарының санына сәйкес бірінші санатқа жататын бірқатар елдермен әуе қатынасын шектей алады деп мәлімдеді. (Оңтүстік Корея, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері).