Қазақстан өз тарихында алғашқы рет Дэвис Кубогына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өз тарихында алғашқы рет Дэвис Кубогына жолдама алды

Қазақстан өз тарихында алғашқы рет Дэвис Кубогына жолдама алды

Қазақстанның теннистен ерлер ұлттық құрамасы әлемдік элитаға жолдама алды, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясынан.

  • 20 Қыркүйек 2010
  • 472
Фото - Caravan.kz

Қыркүйектің 19-ы күні өткен соңғы матчтарда Қазақстанның құрамасы екі мәрте жеңіске жетті. Андрей Голубев Михаэль Ламмераны екі партияда ұтса, Михаил Кукушкин Марко Кьюдинеллиді 6:4, 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

Айта кетейік, қыркүйектің 17-сі күні өткен жеке матчтарда Андрей Голубев Марко Кьюдинеллиден, ал Михаил Кукушкин Станислав Вавринкиден басым түскен болатын. Дэвис Кубогының плей-офф үшінші матчында жұптасып өнер көрсеткен Андрей Голубев пен Юрий Щукин швейцариялық қарсыластары Станислав Ваврикин мен Ива Аллегроны айтарлықтай басымдықпен (6:4, 6:3, 6:3) ұтты.

Матчтар Астанадағы Ұлттық теннис орталығында өтті.

Дэвис Кубогы — бұл ерлер ұлттық құрама командалары арасындағы ең ірі жарыс болып табылатын халықаралық теннистік турнир. Ағымдағы турнирдің жеңімпаздары — Испанияның құрамасы.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера