Жарияланды: 390

Қазақстан Өзбекстанды Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырады

Қазақстан өзінің көршісі - Өзбекстанды 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақыруда.

Бұл туралы Ташкентте ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев хабардар етті. «Өз тарапымнан Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі ең жақсы дамып жатқан елдердің бірі болып табылатынын атап өткім келеді. Біздің елімізді сипаттайтын макроэкономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық, экономиканың өсуі біздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын көрінісі. Бұған тамаша мысал ретінде жақында ЭКСПО-2017 көрмесінің астанасы атанған елордамыз Астана қаласын келтіруге болады», - деп атап өтті вице-премьер. «Өзбек достарымызды бұл жобаға қатысуға шақырамыз, оған қоса, онда біз баламалы энергетика, «жасыл» экономика, ғаламдық экономиканың жалпы алғанда дамуының жаңа кезеңдері мәселелерін талқылайтын боламыз», - деп қосып өтті Қ.Көшербаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін