Қазақстан Өзбекстанды Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Өзбекстанды Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырады

Қазақстан Өзбекстанды Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырады

Қазақстан өзінің көршісі - Өзбекстанды 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысуға шақыруда.

  • 30 Қараша 2012
  • 379
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ташкентте ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссияның ХІІ отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қырымбек Көшербаев хабардар етті.

«Өз тарапымнан Қазақстан Республикасының посткеңестік кеңістіктегі ең жақсы дамып жатқан елдердің бірі болып табылатынын атап өткім келеді. Біздің елімізді сипаттайтын макроэкономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылық, экономиканың өсуі біздің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктеріміздің айқын көрінісі. Бұған тамаша мысал ретінде жақында ЭКСПО-2017 көрмесінің астанасы атанған елордамыз Астана қаласын келтіруге болады», — деп атап өтті вице-премьер.

«Өзбек достарымызды бұл жобаға қатысуға шақырамыз, оған қоса, онда біз баламалы энергетика, «жасыл» экономика, ғаламдық экономиканың жалпы алғанда дамуының жаңа кезеңдері мәселелерін талқылайтын боламыз», — деп қосып өтті Қ.Көшербаев.