Қазақстандықтар Қытай мен Ресей атлеттеріне дес берген. Ұлттық құраманың қоржынында Зульфия Чиншанло мен Илья Ильин салған екі алтын бар. Бұдан басқа, құраманың активінде Светлана Подобедова мен Майя Манезаның күміс медальдары тағы бар. «Жарақат алғанына байланысты Бейжіңдегі Ойындардың қола жүлдегері Мария Грабовецкая өнер көрсете алмады», — делінген ақпаратта.
Еске сала кетейік, ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 5-13 қарашада Парижде өтті. Ресейде 8 медаль, оның төртеуі – алтын, Қытай құрамасы 13 медаль, оның ішінде 6 алтын жеңіп алды.