«Жобаның мақсаты — «Қазақстан Республикасындағы ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз ету» жөніндегі жобаны жүзеге асыруда Қазақстан үкіметіне қолғабыс жасау болып табылады, бұл мақсатқа Жапония үкіметі 525 млн. жапон иенасы, немесе 4,5 млн. доллар көлемінде грант бөлмек «,- деді палатаның жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаев.
Оның айтуынша, жоба барлығы 38 мың адам тұратын 15 елді мекенді қамтиды. 4,5 млн. доллар көлеміндегі грант » су жинаушы жаңа ұңғыларды салу және су таратқыштарды монтаждау мақсатына» арнап бөлінеді,- деді вице-министр.
А.Күрішбаевтың айтуынша, Қазақстан жағы «су жинағыш ұңғыларды салу және су таратқыштарды монтаждау жұмыстарын техникалық атқаруды өз мойнына алады». «Жоба жүзеге асырылғаннан кейін оған қолданылған Жапониялық бұрғылау техникасы мен басқа да арнайы жабдықтар аймақтардағы өзге де осындай жобаларды жүзеге асыруда пайдаланылады «,- деді вице-министр.
Келісімді бекіту туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.