Қазақстан парламенті автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалы жөніндегі Хорватиямен арадағы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалы жөніндегі Хорватиямен арадағы келісімді бекітті

Қазақстан парламенті автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалы жөніндегі Хорватиямен арадағы келісімді бекітті

АСТАНА. 20-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "Халықаралық автокөлік қатынасының көмегімен жолаушы және жүк тасымалдау жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қараша 2006
  • 413
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты -Хорватия мен Қазақстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ.

Келісім халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.

Келісімге 2006-жылдың 11-шілдесінде Загреб қаласында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта