Қазақстан парламенті "БАҚ туралы " заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті "БАҚ туралы " заңды қабылдады

Қазақстан парламенті "БАҚ туралы " заңды қабылдады

Бүгін, 18-наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "БАҚ туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталарының арасында туындаған келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстарын мақұлдады. Регламентке сәйкес заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі,- деп хабарлайды сенаттың баспасөз қызметінен.

  • 18 Наурыз 2004
  • 745
Фото - Caravan.kz

Осы мәселе жөнінде баяндама жасаған әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Нұрлығайым Жолдасбаева айтқандай, сегіз ұстаным талқыланып, оның ішіндегі ең негізгі үшеуі аталып өтілді.

Оның айтуынша, келісім комиссиясының шешімімен заңның 1-бап 30-тармақшасы эротикалық сипаттағы өнім — мерзімді басылымдарының порнографиялық немесе сексуалды-эротикалық сипаттағы өнімдерге жатпайтын, физиологиялық жағынан қарағанда көркем ой басым болатын хабарламалары мен материалдары немесе теле, радио хабарлары деп өзгертілді.
Ал заң жобасының 15 бабының 3 тармағы бойынша мемлекеттік құпияны немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету, қатыгездік пен зорлық зомбылыққа бас ұруды, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттау немесе үгіттеу, терроризмге қарсы операциялардың техникалық әдіс-тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есіртікі құралдарын, психотроптық заттар мен прескурсорларды насихаттау, порнографиялық және сексуалды-эротикалық сипаттағы теле-радио, бейне өнімдерін тарату, осы заңның 4-бабының 3-тармағында, 6-бап, 12-баптың 8-тармағындағы талаптарды бұзу, сондай-ақ, 17-баптың 7-тармағын, 18-баптың талаптарын 1 жыл ішінде қайталап бұзу БАҚ-ның шығарылымын, эфирге шығуын сот тәртібімен тоқтата тұруға негіз болып табылады.
15-баптың 4-тармағыда көрсетілгендей, ҚР конституциялық құрлысын күштеп өзгертуді, Қазақстанның аумақтық біртұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау мен үгіттеу, терроризм мен экстремизмді ақтай насихаттау — БАҚ-тың эфирге шығуын сот тәртібімен тоқтатуға негіз болып табылады.

Соңғы жаңалықтар