Қазақстан парламенті Біртұтас Экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті Біртұтас Экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітті

Қазақстан парламенті Біртұтас Экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітті

Бүгін, 22-сәуірде өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Сәуiр 2004
  • 1515
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР индустрия және сауда министрі Болат Смағұловтың айтуынша, келісімді бекіту төрт ел экономикасын өзара кіріктіруге заңдық база қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Біртұтас Экономикалық кеңістік құру идеясы Еуразияшылдық идеясының нақты жүзеге асуы болмақ»,- деді Б.Смағұлов.

Ал сенат депутаты Тасбай Симамбаев өз сөзінде Біртұтас Экономикалық кеңістік құру туралы келісімді парламенттің бекітуі тарихи факт болмақ, өйткені, ол «ТМД аясындағы жетекші мемлекеттерге экономикалық интеграцияның алғышарттары туралы кесімді әрі нақты әңгімеге алғаш рет бет бұруға мүмкіндік береді»,- деді.
Б.Смағұловтың айтуынша, қазіргі жағдаймен Жоғары деңгейдегі топ түрлі салалар бойынша 50-ден астам салалық келісімдер жобасын дайындады. Соның ішінде «салық және баға саясаты туралы, табиғи монополиялар саласындағы бәсекелестікке қатысты» келісімдерді атауға болады. Сондай-ақ, жұмыс жоспарлары мен аталмыш келісімдерді қабылдау мерзімі егжей-тегжейлі көрсетілген техникалық тапсырма әзірленді,- деді Б.Смағұлов. Оның айтуынша, 2004-жылдың соңына дейін сарапшылар салалық келісімдер жобасын жасап бітіріп, бұл келісімдер келесі жылдың соңында Жоғары дәрежелі топтың қарауына ұсынылуы тиіс.
Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту туралызаң Елбасының қол қоюына жіберілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина президенттері 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялта қаласында қол қойған. Келісімде қандайбір шектеу немесе тәркілеуден ада еркін сауда-саттық аймағын құру, өзара сауда-саттық саласында демпингге қарсы, компенсациялық немесе арнаулы қорғаныс шараларын қолданбау, тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында біртұтас саясатқа бағыну және өзара бәсекелестік, субсидия мен басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың біртұтас ережелерін ұстану көзделген. Сондай-ақ, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасалмақшы.
Қазіргі жағдаймен Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді Ресей және Украина парламенттері бекітті. Таяу уақыттарда келісімді Беларусь парламенті де бекітеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар